Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жақында Желіде тараған тойдағы келеңсіз жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Mom’sкий әңгіме!" подкасына берген сұхбатында айтты. Әншінің айтуынша, бұл келеңсіз жағдай Шымкентте болған. Ол алдымен Қайрат Нұртаспен ән айтқан.
"Ортамызға көп адам тұрғысы келеді, сосын бізді екі жанға лақтырады. Содан екеуміз ымдап қолдан ұстастық. Бір кезде сахнада өзім қалдым. Кейін ерлі-зайыпты сахнаға көтерілді. Сол кісі (видеодағы - еск.) ұялып жатқан шығар, TikTok-ты "жаулап алдық" енді. Бір кезде әйелі күйеуін телефонмен ұрып жатыр. Жағымсыз күйде болдым", - дейді ол.
Өнер иесінің айтуынша, тойда мұндай келеңсіз жағдай көп болады.
"Өнерге алғаш келгенде "әнші сахнада, көрермен залда" болатын. Сәл танымал болғанда "енді жанып келе жатқан әнші деп" қатты жақындамайтын. Кейін бір оқырманым жылқы сыйлады. Оның кім екенін әлі білмеймін. Ол кезде суретке түсу деген жоқ. Ал әлеуметтік желі бізді қатты жақындастырып жіберді. Қазір билеп ән айтып тұрғанда "билемей тұрыңызшы, суретке түсіріп алайын" деп ұрсатын кездер болады. Қазір тойда "бардак" көп". Ер-азаматтардан өнер адамы келгенде сүйіп, құшақтап, тістемеңіздерші деп өтініп сұраймын, - дейді әнші.
Әнші бұл жағдайға күйеуінің қандай пікірде болғанын айтты.
"Ол бір ауыз сөз айтпады, сөйлеспеді. Ал бажасына "қайда қарап отырдың, қайда болдың, не үшін жанында жүрсің" деп сұрақ қойды. Бұған дейін адамдар ерсі қылық жасаған жоқ. Күйеуім Аңсарға (күйеу баласы - еск.) "шектеу қой" деген талап қойды", - дейді Мәдина Сәдуақасова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!