Беташар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.
"Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі беташар адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді", - деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кетейік, беташар - қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады.
Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!