Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Желідегі парақшасында бұған дейін қызмет еткен жұмыс орындарын айтып, тәжірибесі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мақтаныш кеудесін кернеп тұрса да, қарапайымдылығынан болған істі айта алмайтын көрінеді.
"Қазбек Қасымның парақшасынан алынған архив қой.
Бір мақтаныш кеудені кернеп тұрса да, "қойшы, ұят қой" дейтіндер қатарынанмын. Бұл не қылған тым қарапайымдылық екен и? Осы біреулер титтей бірдеңе жасаса, әлемге жар салып жатады ғой "қырдық, жойдық ойбай" деп… Біз ғой ол, барды, болғанды айтуға бет моншағымыз үзілердей тұрады әйтеуір.
Шындап келгенде кезінде расымен Shahar Tv, радиосы, Hit Tv, Қазақстан, Балапан, Хабар, 7 арналарында жұмыс істеп, басшылық қызметте де болдық. Аутсорсинг арқылы да өте көп жоба ұсындық, әлі де ұсынып келеміз. Қазір Жібек жолы арнасында "Ана болғым келеді" бағдарламасының авторы болсам, "Төрлетіңіз" хабарының жүргізушісімін. Одан бөлек біраз шығармашылық жоба бар.
Бастысы, қасыңдағы адамдар, команданың кәсібилігі, адамгершілігі. Өзіме жастармен істеген ұнайды. Оларға да, өзіме де өте талапшылмын. Үнемі ізденіс, креатив, идея күтемін.
Жалпы жастарды жұмысқа қабылдағанда түрі, тісіне, не туған жері, басқасына емес жанарындағы жалынға қараймын. Шүкір, Құдайдың берген интуициясы еш алдаған емес. Қазір әрқайсысы бір төбе. Ешқайсының көзіндегі оты өшкен жоқ.
Кез келген адамның ішінде өзіне тән ерекше талант бар. Тек сәл ізденіс, шыдамдылық, еңбек керек", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Балалардың қызығын көріңдер". Ләйлә Сұлтанқызы қызын ұзатқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бәддұға деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз