- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бет массажының пайдасы...
Бет массажының пайдасы
Массаждың кез келген түрі физикалық әсердің себебінен қанайналымды және лимфа ағынын белсенді ынталандырады. Бетке арналған массаждың да барлық техникасы қан ағымын белсендіруге арналған. Бұл оттек молекулалары мен косметикалық құралдар құрамындағы пайдалы элементтердің терінің терең қабатына тасымалдануын жақсартады. Ол үшін косметологтар арнайы роллер, суық массаждық шарлар қолданады немесе бетті саусақтармен уқалайды.
Бет массажының пайдасы
Бұл процедураның басты артықшылығы - бетке зақым келтірмей жұмыс істеуі. Психологиялық тұрғыда бұл әдіс, мысалы, инъекциялық косметологияға қарғанда жұмсақ. Ал егер өз-өзіңізге массаж жасауды үйреніп алсаңыз, бұл өзіңізді қабылдауға және жақсы көруге көмектеседі. Ол үшін мұндай массажды жүйелі түрде жасау керек.
Бет массажының арқасында ісіну қайтады, тері түсі жақсарады және тері серпімді бола түседі.
Массажға қарсы көрсетілім
Алайда, массаж - уақытша әсер беретінін ұмытпаған жөн. Процедурадан кейін теріңіз жарқырап тұрады, бірақ бұл нәтиже апталап немесе айлап сақталмайды. Тіпті, массаждың бір курсы да керемет нәтиже бермеуі мүмкін. Себебі нәтижеге әр әйелдің өмір сүру салты әсер етеді. Сондықтан бұл процедураны жүйелі түрде жасау және салауатты өмір салтын ұстану маңызды.
ru.freepik.com
Сондай-ақ кез келген процедурадағыдай бет массажына да қарсы көрсетілімдер бар:
- тері аурулары (экзема, герпес, іріңді бөртпе және т.б);
- жырықтар, тіліктер, зақымдар;
- көп мең, папиллома;
- ЛОР-аурулар (гайморит, отит және т.б);
- қантамырлардың әлсіздігі;
- бас пен мойын лимфа түйіндерінің қабынуы;
- қатерлі түзілімдер;
- бет нервтерінің қабынуы.
Бет массажынан кейін не істеуге болмайды?
Массаждан кейін бетіңіз бірнеше сағат қызарып тұруы мүмкін. Сеанстан кейін бірден декоративті косметика жағуға болмайды. Ісіну болмас үшін және массаж әсерін азайтпас үшін курс кезінде тұзды және майлы тамақты шектеу қажет.
А. Жапатова