Әнші Жазира Байырбекова өзіне бірнеше рет дуа жасалғанын, тіпті қатты төсек тартып жатып қалғанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі Менің өмірім бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, түрлі мамандардың көмегіне жүгінген.
"Бір кездерде қатты ауырғаным бар. Кәдімгідей бүкіл денеммен сұлқ етіп құладым. Бет-аузым қисайып, көзім жабылмай қалған кездер болды. Әртүрлі мамандарға бардым. Жанболат емші, молдаға бармайтын. Ондайды жақсы көрмейтін. Бірақ мен ауырған кезде өзі де жүгіріп кетті. Медицина саласын барсақ, "жүйке шаршаған" дейді. Молдаларға барғанда "көз тиген" деді. Құмалақ салатындарға барғанда, "дуа салынған" дейді. "Екі рет дуа салынған. Жиырма жыл бұрын бір рет, он жыл бұрын бір рет салынған. Соның бәрі шыққан" деп үш-төрт жерде айтты. Психологтар "жүйке шаршаған" дейді. Әр маман өз тілінде сөйлейді. Бәріне де емделдім. Бірақ ем қайсынан болғанын білмеймін. Бір Құдай ғана біледі. Жаман нәрсеге сенгім келмейді. Дуа салынған болса, оны салған адамдар да менің басқа адам екенімді көріп, мені жақсы көріп кетті деп сенемін. Мен бәрін кешірем", - деді Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иесінің базарда жеміс-жидек сатып, дәмханада ән айтқанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!