- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бет-аузы қанға боялған:...
Бет-аузы қанға боялған: Ақмолада ауыл тұрғынын соққыға жыққан әкім жазаланды
Ақмола облысы Астрахан ауданының Новый Колутон ауылында қарапайым серіктестік жұмысшысын соққыға жыққан Острогор ауылдық округының экс-әкімінің ісі қаралды. Ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін ауылда ауызсудың берілмегеніне қапаланған жұмысшы ауылдық округ әкімімен сөзге келіп қалған. Нәтижесінде экс-әкім тұрғынды ұрып жіберген.
"Қызуқанды" әкімнің кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің, сонымен қатар, сарапшының қорытындысымен толықтай дәлелденген.
Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабының 1-тармағы бойынша адам денсаулығына келтірілген жеңіл залал 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алуды қарастырады.
"Сот ауыл әкімі К.-нің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, жазаны күшейтуге жағдайдың болмағанын ескеріп, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Бұған қоса, сот облыс әкімінің атына қарамағындағы әкімдердің қызметіне бақылаудың болмауына назар аудару және тиісті шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарды", - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Тағы да оқи отырыңыздар: Неге жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек