Тамызда Абай облысының Бестерек ауылында болған жол апатынан кейін комаға түскен қыз көз жұмды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қызды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтті. Ата-анасының өтініші бойынша өзге ақпарат жарияланбайды", - деді басқарманың баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды. Үш бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Кейінірек екі бала Астанаға жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!