Бестеректегі трагедия: балалардың бірінің миына күрделі ота жасалып жатыр

Абай облысы Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан тұратын мультидисциплиналық бригада диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел емдеу жоспарын жасаған.

"Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Балаларға бассүйек-ми жарақаты, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған. Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешіледі", - деп жазылған хабарламада.

t.me/DenMinPR

Министрлік мәліметінше, дәрігерлер қазір науқастардың бірінің миына күрделі нейрохирургиялық ота жасап жатыр, ішкі ағзалардан кеткен қан тоқтатылған.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!