- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Best Road Investment...
Best Road Investment қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Best Road Investment қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді.
"Shanyrak Plus бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып, артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруға тиіс болған.
Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылғы қазаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін Shanyrak Plus бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсы қажет табыс таппағае, сондай-ақ, тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 миллион теңгеден асқан", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова