Қазақ еліне ұмытылмас қызықтар сыйлайтын үлкен музыкалық шара 2024 жылдың 14 және 15 желтоқсанында өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бесінші мерейтойлық халықаралық ретрофестивальде жұлдыздар өздерінің басты хиттерін орындайды. Фестивальдің басты ақпараттық серіктесі – әуе толқынында сүйікті әндеріңізбен қуантып жүрген Retro FM Qazaqstan радиостанциясы.
Фестиваль әлемдік жұлдыздардың қатысуымен Алматыдағы «Алматы Арена» және Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешендерінде өтеді. Фестивальдің бес жылдық тарихында орындаушылар қатары бұрынғыдан да кеңейе түсті. Осы жолы әлемнің түкпір-түкпірінен 18 орындаушы Қазақстанға келіп, өз өнерін көрсетеді. Олардың қатарында ретро стиліндегі мәңгілік хиттердің орындаушылары бар. Осындай ауқымды концертті ұйымдастыру оңай болмады: мысалы, швед музыканты E-Type командасының келісімін алу үшін бір жыл бұрын келіссөздер жүргізілді. Ал «Комиссар» тобы көрермендер сұранысымен ретрофестиваль сахнасына қатарынан екінші жыл шықпақ.
Ретро FM Qazaqstan радиосының бағдарламалық директоры Константин Головиннің айтуынша, бүгінде ретрофестиваль мен Ретро FM Qazaqstan радиосы егіз ұғымға айналды, аудитория оларды бірден таниды. Екі ірі қалада дәстүрлі түрде өтетін мерейтойлық ретрофестиваль көрермендерге бұрынғыдан да өзгеше әсер сыйлайтынын алға тартты.
«Алматы мен Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ретрофестиваль – өте жылы әрі жарқын музыкамен астасқан шара, бұл жерде сағыныш үні бар. Бұл – өзің жақсы көретін адамдармен кездесетін орын. Мысалы, менің достарым мен бірге оқыған серіктерім менің ретрофестивальге қатысым бар екенін біледі. Олардың әрқайсысының сүйікті топтары бар және талғамы әртүрлі. Біз биыл 20 жылдық кездесуімізді «Алматы Аренадағы» 14 желтоқсанда өтетін концертте атап өтуді шештік. Өйткені бұл — еркін демалып, ән айтып, билеп, кім қандай музыканы жақсы көрсе де бірігуге мүмкіндік беретін орын. Достарыңызбен қалай кездесуді білмей жүрсеңіз, осы сәтті пайдаланыңыз. Шынымды айтсам, менің замандастарым ғана емес, бәріміздің жүрегімізде ретроға орын бар», – дейді Константин Головин.
«Ретро FM Qazaqstan қолдауымен өтіп жатқан фестиваль халықаралық деңгейдегі шараға айналып келеді. Биылғы ретрофестивальдің ауқымды лайн-апын басқа жерден табу қиын. Бесінші мерейтойлық ретрофестиваль өз атмосферасымен есте қалатынына уәде беремін. Бұл тек бастамасы! Фестиваль болашақта бұдан әрі жетіліп, көрермендерге көптеген қызықтар ұсынатын болады».
Фестивальдің осы жолғы лайн-апы расында ерекше. Алматы мен Астанадағы сахналарда Bad Boys Blue, E-Type, O-Zone, Secret Service, Maxx және Down Low сияқты шетелдік жұлдыздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ ресейлік эстрада жұлдыздары – «Вирус», «Кар-мэн», «Сладкий сон», «Комиссар», «Премьер-министр», «Динамит», «Мальчишник» топтары және DJ Дождик, Ирина Салтыкова, Айдамир Мугу сияқты әртістер де қатысады. Ал қазақстандық эстраданы фестивальде Domino мен «Бәйтерек» топтары таныстырады.
«Бұл фестиваль дәстүрге айналып, музыкалық мұраның символына айналды. Ол – 80, 90 және 2000-жылдардың үздік орындаушыларын бір шаңырақ астына жинайды. Бұрынғы фестивальдерге он мыңдаған адам келсе, биылғы қысқы шоу одан да ауқымды әрі әсерлі болмақ. Фестиваль бағдарламасында әлемдік чарттарды бағындырған ұмытылмас хиттер бар. Көрермендер музыканың тек ойын-сауық бөлігі ғана емес, тұтас замандардың стилін қалыптастырған сәтке қайта орала алады. Арнайы дайындалған жарық шоуы, қайталанбас әрлеулер және мерекелік атмосфера барлық қонақтарға үлкен музыкалық шараның бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік береді», – дейді концерт ұйымдастырушысы Жанар Байғозина.
Фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, «Челентано» ретро-барының командасы: «Біздің мақсатымыз – адамдарға балалық пен жастық шағының музыкасына қайта оралып, бірнеше онжылдықтар бойы әлемдік хиттердің сыйлаған эмоцияларын қайта сезінуге мүмкіндік беру. Біз әр концертті ұмытылмас, ерекше атмосфера мен қуатқа толы етіп өткізуге тырысамыз», — дейді.
Серіктестік материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!