- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бесінші күн. Балқаш...
Бесінші күн. Балқаш тұрғындары сусыз қалды
Балқаш тұрғындарының сусыз қалғанына бес күн болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалада су құбырындағы ақау шыққалы бері бес күннен өткеннен кейін қаланың кей жерлеріне су беріле бастады. Алайда кей үйлерге әлі күнге дейін су берілмеген.
Қалалық әкімдігі өкілдері 8 сәуірде таңертең Шашубай ықшамауданы мен басқа да бірнеше көшенің үйлерінде ғана су пайда болғанын айтты. Жергілікті билік өкілдері су құбырында апаттардың алдын алу үшін қаладағы су кезең-кезеңімен берілетінін түсіндіреді.
"Құбыр ауыстыру, таза суды толтыру бойынша жүргізілген жұмыстардан кейін қаламыздың сол және оң жақ магистральдық құбырлар ашылды. Бүгін таңертең желілердегі гидросоққылар мен екпіндерді болдырмау үшін кварталішілік су құбыры желілерінде барлық тұтынушыны кезең-кезеңімен сумен жабдықтау қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі өкілдері.
Еске салайық, 4 сәуірде бас сорғы станциясы маңындағы магистральдық су өткізгіште екпінді жел пайда болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек