- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бесінші қабаттан секірмек...
"Бесінші қабаттан секірмек болдым". 9 жасында өгей әкесі зорламақ болған әйелдің оқиғасы
Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатта 9 жасында өгей әкесі зорламақ болған әйелдің оқиғасы жазылған.
"Сәлеметсіз бе, осы хаттарды оқып, ішіме сыймайтын бір жағдай бар еді. Жасым 9, үшінші сынып бітіріп жатқан кезім, анам 2 жасымда әкеммен ажырасып кеткен, содан нағашы апам өсірді.. Төртінші сыныпқа өткен кезімде анам мені қалаға алып кетті, сөйтсем бір еркекпен тұрып жатыр екен, бала кезімде ешкімнен кем өспедім, ылғи жаңа киімдер киіп, не жеймін, не ішемін деп өспедім, анама рақмет. Содан анам мені алып кетті. Бір жұма өткен соң, анам ауруханаға түсіп қалды, анамда эктопиялық жүктілік екен. Сөйтіп үйде екеуміз қалдық, анам оған "ауылдан құжаттарын әкеліп, қалада мектепке орналастыр" деп айтты. Сол күні ауылға баратын болғанбыз, таңертең ұйықтап жатcам омырауым мен астымнан біреу сыйпалап жатты, көзімді ашуға қатты қорықтым. Содан бірден қашып, бесінші қабаттан секіріп кете жаздағанымда ана еркек "жоқ олай жасама, мен кеттім" деп есіктің қасына қағаз 200 теңге тастап кетіпті. Мен қаланы білмейтін адам ағамның мекен жайын ғана білетінмін, адасып, шошып, қорқып жеттім. Содан ана адам анама барып, "қызың маған жалаңаш жабысты" депті, анам оған сеніп, мені "қызғанды" деп туыстарға айтыпты. Ауруханадан шығып, мені іздеп ағамның үйіне келіп айғайлап бастады, "адасып кетсең ше" деп. Бірақ екеуі ажырасып кетті, сол күннен бастап. Бірақ маған сенбеді, содан кейін арамыз қатты суып кетті. Сөйлесеміз, бірақ кешіре алмадым. Ол кезде бала едім ғой, оның үстіне мен жалғыз қызбын.
Қазір Аллаға шүкір 5 балам және өте жақсы жолдасым бар. Аллаға шүкір"
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә