Бозтал ауылында "Жеті қазына" жаңа сәулеттік ескерткіші мен ауыл клубының салтанатты ашылуы болды. Іс-шаралар Конституция күніне орай ұйымдастырылды.
"Жеті қазына" монументі - символдық жәдігер ғана емес, қазақ халқының қайталанбас салт-дәстүрін, құндылықтарын көрсететін, сондай-ақ, жеті санына байланысты рухани көзқарасты қалыптастыратын ескерткіш.
"Барлық кезеңде халық арасында жеті саны қасиетті саналды. Бұл ескерткіш өнер мен мәдениеттің символы ретінде қазақ халқының тарихындағы құндылықтардың маңызын еске салады", - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, Бозтал ауылында жаңа ауылдық клуб ашылды. Жақын арада бұл жер ауыл тұрғындарының басын қосып, түрлі мәдени іс-шаралар өткізетін орынға айналады.
Айта кетейік, күрделі жөндеуден өткен ауылдық клуб ғимаратында бос уақытты пайдалы өткізуге барлық жағдай жасалған.
Абай облысы әкімдігі ұсынған материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!