- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүргізушілер "құда" болмақ
“Бесік құда боламыз“. Танымал тележүргізушілер жұрт білмейтін құпияларын бөлісті
Танымал тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек болашақта құда болғылары келетіндерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы олар The DS' Show бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Еркебұлан Мырзабек тұңғышы дүниеге келейін деп жатқанда Марат Оралғазиннің қызды болатынын біліп, бесік құда болайық деген ұсыныс тастаған.
"Менің келіншегім тұңғышымызға жүкті, ал Мараттың келіншегі үшіншісіне аяғы ауыр. УДС (УЗИ) түсуге барып менде ұл екенін, оныкі қыз екенін біліп, "құдеке" деп әзілдескен едік. Кейін екінші УЗИ-де бізге ұл деді. Болды енді құда бола алмаймыз дегенде Мараттардыкі қыз екенін естідік. Сосын қайтадан "ооо, құдеке" деп әзілдестік", - деді Еркебұлан Мырзабек.
Марат Оралғазин бұл әзілдің шындыққа ұласып жатса, қуанатындарын айтты.
"Бұл, әрине, әзіл болды. Жақын дос болған соң әзілдеп, ырымдаған едік. Негізі ниет қой. Ниетіміз орындалып жатса, әрине, қуанамыз", - деп жауап берді Марат Оралғазин.
Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин - Қазақстандағы танымал әзілкештер, сценаристер және тележүргізушілер. Олар қазақ шоу-бизнесіндегі юмор саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин