Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты жаза күшейтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін неке қиюға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-нің жаңа 125-1-бабы) енгізілді.
Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ішкі істер органдары Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында неке қиюға мәжбүрлеу дерегі бойынша жеті қылмыстық іс қозғаған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 15 адам ұсталған.
"Әрбір іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ІІМ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова