• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Бес минут жеткілікті: Экология министрі көлік қыздыруға қатысты

Бес минут жеткілікті: Экология министрі көлік қыздыруға қатысты
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев автокөлікті бес минуттан артық қыздыруға салынған айыппұл туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында ол экология тұрғысынан бұл ережелерді қолдайтынын айтты.

"Солтүстік аймақтарға қатысты айтқанда, көлікті ұзақ уақыт қыздыратындар үшін бес минут жеткілікті екенін білеміз, көлік қызғаннан кейін қозғалысқа түсуге болады. Бұл кез келген солтүстік аймаққа қатысты. Сондықтан отын үнемдеу тұрғысынан көп адамдар бұл мәселені қолдайды. Экология тұрғысынан да біз мұндай тәсілді толықтай қолдаймыз", - деді Ерлан Нысанбаев.

Журналист оның бес минут туралы айтқан сөзімен көптеген астаналықтар келіспейтінін айтты.

"Мен бүгін міндетті түрде көлігімді түнде далада қалдырамын - таңертең көріп, өз тәжірибемді жасап, нәтижесін сіздерге айтамын", - деп қосты ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget