- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бес құрбымның төртеуі...
"Бес құрбымның төртеуі ажырасқан". Фариза Ескермес отбасын құруға асықпай отыр
Фото:
instagram.com/fariza_yeskermes
Әнші, актриса Фариза Ескермес отбасын құруға асықпайды. Бұған қоғамның қыздарға жасалатын қысым себеп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы Revunews бағдарлмасына сілтеме жасап.
Фариза Ескермес қыз баласын маңызды шешім қабылдауда асықтырмау керегін айтты, "Бұл – өмірде бір рет берілетін таңдау, оны дұрыс жасау керек, сондықтан асықпаймын" дейді ол.
"Бес құрбым тұрмысқа шықса, соның төртеуі ажырасып кеткен. Менің ойымша, бізде асығыстық көп. Сосын "Қашан күйеуге шығасың?", "Қашан үйленесің?" "Туу керек қой", "Қартайып бара жатырсың" деген үлкендер тарапынан претензия көп шығар. Сол үшін жастарда шынымен де қорқыныш бар", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан