Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында жоғалған 10 жастағы бала әлі табылмады. Ол 29 наурызда із-түзсіз кеткен. Іздестіруге полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар жұмылдырылып, дрон мен арнайы техника қолданылып жатыр. Іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиев Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен арнайы барып, баланы іздеу жұмыстарымен танысты.
Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев жоғалған баланы іздестіруге жұмылдырылған жеке құрамға іздестіру тиімділігін арттыру бойынша нұсқама өткізіп, әрқайсысына барынша мұқият болуды, ешбір күдікті детальді назардан тыс қалдырмауды және дереу баяндауды тапсырды.
Еске салайық, 29 наурызда кешке Мартөк ауданы полиция бөліміне 2016 жылы туған бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлаған болуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!