- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бес күн қалды....
Бес күн қалды. Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады
Биыл 1 сәуірде жеке тұлғалардың 2022 жылға арналған көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькуляторды немесе E-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.
"Салық органдары есептеген төленетін салық сомасы Kaspi Bank АҚ және Halyk Bank АҚ мобильді қосымшаларын қолданушыларын PUSH хабарламасы түрінде жіберілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Есептелген салық сомаларын, сондай-ақ, Kaspi Bank АҚ, Halyk Bank АҚ мобильді қосымшаларынан және E-Salyq Azamat қосымшасынан білуге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек