“Бес жыл хейт болады, күте тұр дедім“. Айқын Төлепберген мен әйелі бал айына баратынын айтты

“Бес жыл хейт болады, күте тұр дедім“. Айқын Төлепберген мен әйелі бал айына баратынын айтты
Фото: instagram.com/aikyn

Жақында үйлену тойын өткізген жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бал айында қайда баратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали Revue News бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

"Бал айы емес, апталық демалысқа барайын деп жатырмыз. Бұйырса бірер аптадан соң отбасымызбен Дубайға барамыз", - деді ол. 

Ал Айқын Төлепберген әйеліне берген уәдесін ақырындап орындап жатқанын айтты. 

"Мен Жұлдызға айттым, "Бес жыл хейт болады, бес жыл шыдап күте тұр. Одан кейін елдер қояды, басылады, үйренеді" деп. Біз жігіт болғандықтан, бәрін іспен дәлелдейміз", - деді Айқын Төлепберген. 

Әнші әйеліне тосынсый жасап, үйлену тойына Алексей Чумаковты шақыртыпты. Сүйікті әртісімен бірге әйеліне арнап ән шырқаған ол Жұлдыз Өмірғалиді жылатып қойды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева