- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бес жыл бұрын...
Бес жыл бұрын жоғалған қазақстандыққа қатысты күтпеген дерек пайда болды
Еріктілер Түркістан облысында 2018 жылы із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі еріктілердің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Құлбаев Болат Әбдіқадірұлы, 1967 жылы туған, 2018 жылғы қыста хабарсыз кеткен. Ер адам Жетісайдан Астанаға жұмыс істеу үшін кетіп, жоғалып кеткен.
Бес жыл өткен соң, яғни 2023 жылғы 12 мамырда Арслан есімді ер адам жоғалған азаматтың туыстарына телефон шалып, Болаттың құлдықтан қашып келгенін, оған 1000 теңге беріп, Таразға таксиге отырғызғанын айтқан. Болат сол жақтан Шымкентке, одан Жетісайға келуге мәжбүр болған. Алайда содан бері із-түзсіз жоғалған адам туралы хабар жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Туыстарының айтуынша, олар Болаттың "қашып, үш күн қамыстың арасына тығылғанын, кейін Меркідегі шаруа қожалығына келгенін" білген.
Жоғалған азамат туралы мәлімет білетіндер 8777 679 18 24 немесе 102 телефондарына хабарласуы сұралады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек