Бес жыл бұрын Астанада көлік ұрлаған адам Өзбекстанда ұсталды

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ташкент облысының Нұравшан қаласында Павлодар жедел уәкілдері осы елдің 27 жастағы азаматын ұстады. Ол бес жыл бойы автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.

2018 жылдың желтоқсанында ер адам Астана қаласындағы базарлардың бірінен Lada Priora автокөлігін айдап кеткені анықталды.

Сот оның әрекеттері үшін бас бостандығынан айырды. Босатылғаннан кейін, заңда белгіленген мерзімде Екібастұз қаласының полициясына есепке тұрған жоқ. Осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!