- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бес жасар қызға...
Бес жасар қызға қатысты зорлық: істің мән-жайы белгілі болды
Қостанай облысы бойынша балалар омбудсмені Несібелі Бәсенова бес жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кәмелетке толмағандар тобының бес жасар қызға зорлық-зомбылық көрсету дерегін қатысты, қазір қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлаймын", - деп жазды Несібелі Бәсенова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, ол жәбірленушінің анасымен кездесіп, істің мән-жайын біліп, әйелге дағдарыс орталығынан тұруды ұсынған. Қыздың анасы бұған келіскен, бірақ содан бері телефонға жауап бермеген.
Өткен жұмада уәкілдің айтуынша, бұл атышулы істі Қостанай әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қараған.
"Күдіктілердің ата-аналарына қатысты материалдар жиналып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде", - деп толықтырды омбудсмен.
Ол барлық мүдделі мемлекеттік органдар атсалысып, зардап шегушіге көмек көрсетуде деп сендірді. Несібелі Бәсенова бұл істің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мен прокуратураның бақылауында екенін де жазды.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде үш баланың бес жасар қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат пайда болған. Олар 8, 12 және 13 жаста. Олар кінәсін мойындаған көрінеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина