- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бес баланы бетпен...
"Бес баланы бетпен туған жоқпын ғой". Жанатбек Бәйтеков әйелі туралы әзіл айтып, жұртты күлкіге қарқ қылды
Танымал әзілкеш, тележүргізуші Жанатбек Бәйтеков әйелі туралы әзіл айтып, жұртты күлкіге қарқ қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің сөзінше, бірде әйелін жол полициясы тоқтатқан.
"Жұбайымның қасында жүрсең, жұға ма? Әзіл-қалжыңға жақындау. Жол полициясы ұстап алған. Құжаты үйде қалып кеткен. "Бір қоңырау жасашы" деген. ...Ана кісіге берген. Аржағынан айтып жатыр дейді. "Ол - қарындасым, бес баланың анасы, жібер" деген. Ол кезде бес баламыз. "Кешіріңіз қарындас, расында, бес балаңыз бар ма?" деген. "Иә, бес балам бар, Құдайға шүкір" деген. "Мә, мына түріңізге қарасам, бес бала туғанға ұқсамайсыз" деген. Сөйтсе жауабы ғой: "Бес баланы бетпен туған жоқпын" деген ғой, - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары ерлі-зайыптылар әдетте ұқсайтынын жеткізген.
"Ай, Жанатбек-ай, әйелің де өзіңе ұқсаған екен, ерлі-зайыптыға сынықтан басқаның бәрі жұғады екен", "Әзілің жарасса атаңмен ойна" деген, несі бар, күліп алдық, күлкі - витамин", - дейді пікір жазғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова