"Бес адам қаза тапты". Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Атырау облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Toyota Ipsum көлігінде болған 3 жолаушы және Lada Granta автокөлігіндегі 2 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқарып жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!