- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бес адам қаза...
Бес адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Алматы-Екатеринбург тасжолында жолаушылар автобусы соқтығысып, зардап шеккендер Қарағанды облысындағы емдеу мекемелерінде жатыр. Екі адамның жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағандылық дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 11 зардап шеккен адамның, оның ішінде екі баланың жағдайы туралы айтты. Қазіргі уақытта жарақат алған жасөспірімнің бірі мен тағы үш ересек науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде минивэн пен автобустың соқтығысқан сәті түсірілген видео тараған еді. Кадрларда жаншылып қалған Toyota Estima көрсетілген. Кадрларға қарағанда, соқтығысқаннан кейін жолаушылар автобусы жолдан шығып, шұңқырға ұшып кеткен.
Еске салайық, 14 шілде күні Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында Toyota Estima көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысқан еді. Апаттан бес адам: микроавтобустағы төрт және автобустағы бір жолаушы қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан