Берік Шолпанқұлов лауазымынан босатылды

Берік Шолпанқұлов лауазымынан босатылды
Фото: primeminister.kz

Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада. 

Берік Шолпанқұлов туралы не белгілі?

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары қазынашылық жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2008-2014 жылдары қаржы вице-министрі болды. 2014-2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы наурызға дейін қаржы вице-министрі қызметін атқарған.

2021 жылғы 5 сәуірде Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget