Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды
Фото: gov.kz

Бүгін Сенат депутаттары Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғарғы палатаның пленарлық отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының судьяны қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

"Берік Нәжімиденов - бұрынғы заңгер. Ол - қаржылық бақылау саласындағы маман. Президенттің 2025 жылғы 26 маусымдағы жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды", - деді Малахов.

Айта кетейік, Берік Нәжімиденов 2021 жылы Жоғарғы соттың судьясы болып тағайындалды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget