Берік Асылов Бас прокурор болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Берік Асылов туралы не белгілі?
Берік Асылов 1964 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштері қатарында әскери борышын өтеген.
1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған.
- Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.
- 1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
- 2001-2006 жылдары сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
- 2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
- 2010 жылы 28 шілдеде Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды.
- 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры болды.
- 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.
- 2019-2022 жылдары Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
- 2022 жылы Бас прокурор болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова