- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау...
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып қайта тағайындалды
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Берік Әбдіғалиұлы биыл маусымда Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Ол 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы және директордың орынбасары болды.
Сонымен қатар, Астанада Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдар аралығында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, сол жылы бірінші вице-премьер кеңесшісі қызметіне премьер-министр кеңсесіне ауысты. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.
Сондай-ақ, ол мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек