Бергей Рысқалиев неге ұсталмай жүр? Бас прокуратура жауап берді

Бергей Рысқалиев неге ұсталмай жүр? Бас прокуратура жауап берді
Фото: azh.kz / Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бергей Рысқалиевке сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, бізде Лондонмен сотталғандарды беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды", - деді Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Айта кетейік, Бергей Рысқалиев 2019 жылы 17 жылға, оның ағасы Аманжан Рысқалиев 16 жылға сырттай сотталды. Оларға төмендегі айыптар тағылды:

  • Аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және аса ірі көлемде алаяқтық жасады;
  • Мемлекетке үлкен көлемде зиян келтірген жалған кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды;
  • Қылмыстық топ құрды және осы топтың мүддесі үшін қызмет бабын асыра пайдаланды;
  • Аса ірі көлемде пара алды және ресми жалған құжаттар дайындады;

Айыптау актісіне сәйкес Бергей Рысқалиев мемлекетке 72 миллиард теңге зиян келтірген. Қылмыстық іс 754 томнан тұрды.

Еске салайық, бұған дейін Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондонда жүргені хабарланған болатын. Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин Лондондағы Burberry люкс киім дүкенінің алдында фотоға түсті.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz