Бердімұхамедовке арналған. Түрікменстан "Арқадаг" атты жаңа қала салуға 5 млрд доллар жұмсайды

Түркіменстанда елдің қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесінің есімімен аталатын жаңа қаланың құрылысына шамамен бес миллиард доллар жұмсалады.

Ахал облысының жаңа әкімшілік орталығы қала мәртебесін алып, "Арқадаг" (Қаһарман қорғаушы) деп аталады. Бұл Бердімұхамедовтің президенттіктен кеткеннен кейін де сақтап қалған ресми атағы. деп хабарлайды BBC.

Жаңа қала астана Ашхабадтан 30 шақырым жерде салынады. Бердімұхамедов шенеуніктерге оны Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді бұйырды, бірақ нақты қалай екені айтылмады. Түптеп келгенде бұл қаланың халқы 73 мың адамды құрауы тиіс.

"Арқадағы қаласын салудың бірінші кезеңі 3,3 млрд долларды құрайды. Біздің есептеуіміз бойынша, екінші кезеңге шамамен 1,5 миллиард доллар қажет", - деді қала құрылысына жауапты мемлекеттік комитеттің жетекшісі Дерягелди Оразов.

Шенеуніктің айтуынша, нақты құны тендерлер жарияланғаннан кейін ғана белгілі болады.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Түркіменстанның ішкі жалпы өнімі шамамен 45 миллиард долларды құрайды, бұл газ экспортының үлесіне тиеді, елде бұл табиғи ресурстың үлкен қоры бар.

Құқық қорғаушылар Түркіменстан басшылығын халық үшін пайдасыз қымбат жобаларға ақша жұмсады деп бірнеше рет айыптаған.

© GETTY IMAGES

Түркіменстанда Бердімұхамедовтың ескерткіштері жеткілікті. Оның біріншісі – Ашхабадта – 2015 жылы ашылған.

Мамандығы дәрігер болған, 65 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанды 2006 жылы басқара бастады. 2022 жылдың наурызында ол президенттік қызметінен кетіп, ел басшылығын ұлы Сардарға тапсырды, бірақ Түркіменстанның саяси өміріндегі маңызды тұлға болып қала берді.

2021 жылы қаңтарда экс-президент Бердімұхамедов өтініші бойынша құрылған парламенттің жоғарғы палатасын таратып, бір палаталы жүйеге қайта оралуды ұсынды.

Бұл ұсыныс бірауыздан қабылданып, оның өзі жаңа жоғарғы орган – Түркіменстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын бақылайтын, парламентті іс жүзінде екінші қатарға ысыратын Халық Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Бердімұхамедовке "Түркімен халқының көшбасшысы" деген жаңа атақ да берілді.

Экс-президент кейінгі жылдары өзін басқа қырынан да көрсетіп жүр, атап айтқанда, ол үнемі әндеріне клип түсірумен айналысты. Сондай әндердің бірі оған сыйлық ретінде берілген Ровач атты ахалтеке жылқысына арналған рэп. Бердімұхамедовтың қорасында 130-ға жуық жылқы бар, сарапшылардың бағалауынша, олардың бағасы миллион доллардан басталады.

Бердімұхамедов сонымен қатар саяси және басқа да байланысты тақырыптарда кітаптар жазады. Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі ашқан Бердімұхамедов шығармаларының электронды кітапханасында 60-тан астам кітап бар, олардың көпшілігі шет тілдеріне аударылған.

Түрікменстан әлемдегі ең жабық елдердің бірі және елдің күнделікті өмірі туралы көп нәрсе айтылмайды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, елде адам құқықтарының өрескел бұзылу фактілері бар, оны билік жоққа шығарады. "Шекарасыз репортерлар" ұйымының мәліметі бойынша, бұл ел баспасөз бостандығы тізімінде 180 елдің ішінде Иран, Эритрея және Солтүстік Кореяны басып озып, 177-ші орында тұр.