Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бір аптадан аса уақыт бұрын болған еді.
"Науқас ауруханаға түскен сәтте екі хирургиялық бригада төрт сағат бойы ота жасады. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, өздігінен қозғала алады, бірақ әзірге дәрігерлердің бақылауында", - деді Әлназарова Үкіметтегі брифингте.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кейінірек Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!