Берденовке қатысты істегі судья журналиске тілін шығарған: қандай шешім шықты?

Берденовке қатысты істегі судья журналиске тілін шығарған: қандай шешім шықты?
Фото: Видео кадры

Шымкенттегі судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент сотының баспасөз қызметі мәліметінше, тексеріс материалдары Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолданған.

"Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеріс материалдарын Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін не белгілі?

Сот отырысында судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарған. Кейін судьяға қатысты тексеріс тағайындалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget