Ертең Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот үкімі шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атышулы іс бойынша басты сот отырысы екі апта бұрын басталған еді. Бүгін айыпталушы Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін сөйледі. Содан кейін судья Әбінұр Қарабаев кеңесу бөлмесіне шықты.
"Үкім ертең сағат 12:00-де жарияланады. Бірақ бұл нақты емес. Мүмкін түстен кейін хабарлаймыз", - деді судья.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз