Берденовке жасалған шабуыл: үкім қайта қаралмақ

Берденовке жасалған шабуыл: үкім қайта қаралмақ
Фото: "КТК" кадры

Шымкент қаласы әкімдігі алдында Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайға қатысты үкім апелляциялық сотта қаралмақ. Отырыс бір аптадан кейін өтеді. Себебі бұған дейінгі шыққан үкімге қос тарап та келіспей отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, сотталушы да, жәбірленуші де бұл үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Енді жазаның өзгерер-өзгермесі келесі аптада белгілі болмақ. 

Берденовке жасалған шабуыл

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. 

Сот отырысы

20 тамызда Ернар Жиембай орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот сотталушыны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (117 960 теңге) төлеуге міндеттеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget