Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тергеу аяқталды, қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Кейін іс прокуратураға, содан соң сотқа жіберіледі. Әзірге сот процесі басталған жоқ", - деп түсіндірді сот өкілдері.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кейінірек Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!