Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Cот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокурор істе жазаны жеңілдететін де, ауырлататын да жағдайлар бар екенін мәлімдеді. Жеңілдететін фактор ретінде ол айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін және ауырлататын жағдай ретінде қылмыстың мас күйде жасалғанын айтты.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!