Бас прокуратура Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылды тергеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz сауалына берген жауабында ведомство бұл іспен Шымкент қалалық Полиция департаменті айналысып жатқанын мәлімдеді.
Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы ("Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Прокуратура қазір тергеу жүріп жатқанын, бірақ егжей-тегжейі айтылмайтын жеткізді, бұған заңмен тыйым салынған.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кейінірек Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз