Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мемлекеттік тілде ашық режимде өтіп жатыр.
Отырыс алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, айыпталушының жұбайы, әкім орынбасарының өкілі, сондай-ақ, олардың қорғаушылары кірді.
Кейінірек БАҚ өкілдеріне сот отырысы өтетін залға кіруге рұқсат етілген.
Айыпталушы сот ғимаратына полицияның арнайы көлігімен жеткізілді.
Міндетті түрде келуі қажет екеніне қарамастан, Руслан Берденов сотқа келген жоқ. Сот отырысы кезінде оның өкілі жәбірленуші емделіп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Руслан Берденов емделіп жатқанын және отаға дайындалып жатқанын айтты. Tengrinews.kz мәліметінше, қазір әкімнің орынбасары шетелде.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Жуырда Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі айтылды.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!