- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бензин мен дизель...
Бензин мен дизель қымбаттайды: Алматы мен Астанада қазіргі жағдай қандай?
Энергетика министрлігінің бензин мен дизель отынының жаңа бағасына қатысты бұйрығы күшіне енген болатын. Алайда оған қарамастан, Алматы мен Астанада бензин мен дизель отынының бағасы өзгеріссіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шевченко мен Мұқанов көшелерінің қиылысында орналасқан Helios автожанармай құю желісінің филиалында бұрынғы бағалар сақталған.
Мұнда АИ-92 литрі 180 теңгеден, АИ-95 220 теңгеден, АИ-98 230 теңгеден. Дизельдің литрі 230 теңгеден.
Байзақов пен Манас көшелерінің арасындағы Абай даңғылында орналасқан Алматыдағы Sinooil ЖМҚС желісінің филиалдарының бірінде бағасы өзгеріссіз.
АИ-92 литріне 182 теңге;
АИ - 95 217 теңге;
АИ-98 235 теңге.
Дизель бір литрі 230 теңгеден сатылып жатыр.
Астанадағы "ГазПромНефть" жанармай құю бекеттеріндегі баға да белгілі.
Мысалы, АИ-92 182 теңгеден, АИ-95 219 теңгеден, ал АИ-98 230 теңгеден. Ал дизель литрі 450 теңгеден сатылып жатыр.
Астанадағы Helios-тағы баға да жоғарыдағыдай. АИ-92 - 182 теңге, АИ-95 - 214-220 теңге, дизель - 230 теңге.
Бұл Oil жанармай құю желілеріндегі баға.
Суреттер: Tengrinews.kz
Еске салайық, 12 сәуірде ҚР Энергетика министрінің "Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығы күшіне енген болатын.
Құжатқа сәйкес шекті бағалар:
- АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің литрі 205 теңгеге дейін;
- дизель отынының литрі 295 теңгеге дейін сатылады.
Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина