- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бензин қымбаттаса, азық-түлік...
Бензин қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме? Үкімет жауабы
Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бензин бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір азық-түлік инфляциясы бойынша Қазақстан 2-орында, жыл басынан бері өсім 2,9%-ды құрайды. Басқа тауарлар мен қызметтердің бағасы өсіп жатыр. Сенбіде үкіметаралық кеңесте инфляцияға әсер етуші факторларды қарастырамыз, себебі инфляция 8%-дан аспауы керек", - деді Жұманғарин.
Ол жанармай бағасы өсетіні туралы ресми ақпараттың жоқ екенін айтты.
"Бензин бағасы азық-түлікке тікелей әсер етпейді, себебі тасымалдауда негізінен дизель қолданылады. Дизель отыны қымбаттаса, шамамен 5-7% әсер етуі мүмкін", - деп қосты ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет