Сауда және интеграция министрлігі Бендер-Аббас портындағы қазақстандық учаскеге соққы жасалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 шілдеде көлік-логистика терминалын салу үшін Иранның Бендер-Аббас портында Қазақстанға жер учаскесін беру туралы келісімге қол қойылғаны белгілі болды. Алайда бірнеше сағаттан кейін АҚШ Иранның оңтүстігіне, соның ішінде болашақ қазақстандық нысан орналасатын Бендер-Аббас ауданына әуеден соққы жасағаны туралы ақпарат тарады.
Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық учаскеге зақым келмегенін хабарлады.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол жерге жекелеген әуе соққылары жасалған, біздің учаскеге ешқандай соққы жасалған жоқ. Сондай-ақ, Қазақстан бұл жер телімін жуырда ғана алды, оның аумағында ешқандай инфрақұрылым жоқ", - деді министрліктің ресми өкілі Тойгүл Жұбанышова.
Бұған дейін БАҚ-та Бендер-Аббас ауданындағы нысандарға, соның ішінде порт инфрақұрылымына соққы жасалғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!