Белқұяңның алдын алу үшін не істеу керек?

Белқұяңның алдын алу үшін не істеу керек?
Фото: elements.envato.com

Жақыныңыз немесе танысыңыздан "белқұяңды (грыжа) емдетіп жүрмін" деген тіркесті естіген боларсыз. Белқұяң асқынса, бел қатты ауырып, төменге қарай тартады, аурудың салдарынан тіпті жүре алмай қалуыңыз да мүмкін. Ал белқұяңның неліктен пайда болатынын білесіз бе? Қазақстандық невропатолог Мұратбек Абиев Massaget.kz тілшісіне аурудың алдын алу үшін не істеу керегін айтып берді. 

Дәрігер ең алдымен белқұяңның көлемі үлкейіп, асқынбайынша ешқандай белгі көрсетпейтінін түсіну керегін ескертті. Яғни, ауру асқынып, жүйкені қысуға келетіндей өлшемге дейін өскенде ғана белгі пайда болады. 

"Белқұяңның кел келген кезеңін компьютерлік томография арқылы ғана анықтауға болады. Негізі мен дәрігер ретінде барлық адамда, тіптіп белі ауырмайтын адамдарда да белқұяң бар деп сеніммен айта аламын. Белқұяң бірнеше жерден шыға алады. Мысалы, төменгі арқа белқұяңының алғашқы белгісінде бел қатты ауырып, аяққа қарай тартады, кейде аяқ ұйып қалады; мойын белқұяңы болса, мойын мен желке ауырады, ауырсыну аяққа қарай тартып, қол ұийды. Уақыт өте аяқ мен қол әлсізденіп, артынша бұлшықет семиді", - деді ол. 

Яғни, белқұяңның алғашқы белгілері: 

  • Бел немесе мойынның қатты ауыруы;
  • Қол немесе аяқтың ұюы;
  • Бұлшықеттің әлсізденуі.

Белқұяңның алдын алу үшін қандай күнделікті әдеттен аулақ болу керек?

Невропатолог көпшілік белқұяңды ауыр салмақ көтергеннен пайда болады деп қателесетінін жеткізді. 

"Кейбір адамдар белқұяң ауыр салмақ көтергеннен дамиды деп ойлайды. Жоқ, негізі үнемі ауыр салмақпен жұмыс істейтін адамдар әдетте белқұяңнан зардап шекпейді. Белқұяң - заманауи ауру. Ауруға көбінесе кеңседе күні бойы отырып жұмыс істейтін, яғни отырықшы өмір салтын ұстанатындар шалдығады. Өйткені, олардың бұлшықеттері әлсіз. Олар күн сайын денені сергітетін жаттығулар жасап отырмаса, қан айналым нашарлайды, одан омыртқааралық диск қоректене алмай, омыртқа аралары құрғап, орнынан белқұяң шыға бастайды", - деп түсіндірді дәрігер.

Сонымен қатар, мейлінше суықтап қалудан да сақтанған дұрыс. 

"Екінші, салқын тигізбей, сақтану керек. Өйткені адам денесінің кез келген бөлігі суықтағанда, тамыр қатты жиырылып, қан айналымын бұзады. Сондықтан, аяқ пен белді жылы ұстауға тырысқан жөн", - дейді ол.

Белқұяңның алдын алу үшін:

  • Отырықшы өмір салты;
  • Суықтап қалудан сақтану керек.

Фото: Freepik.com

Белқұяңның алдын алу үшін не істеу керек?

Белқұяң остеохондроздың ішіне кіреді. Яғни, науқас бірінші остеохондрозға шалдығады, ол протрузияға айналады, уақыт өте белқұяңға асқынады. Остеохондроздың кез келген түрін дәрімен емдеуге тырысу дұрыс емес, оны тұрақты түрде арнайы физикалық жаттығу жасау арқылы ғана емдеуге және алдын алуға болады", - деді невропатолог.

Белқұяңды қалай емдеу керек?

Егер ауру асқынған болса, тамыр кеңейтетін, қабынуға қарсы дәрілер қабылдап, дәрумен ішуге тура келеді. Ал аурудың алғашқы кезеңінде оны жаттығу арқылы ғана емдеу керек, жаттығу жеткіліксіз болса, физиотерапия, массаж, инемен емдеу, хиджама жасауға болады.

"Кейбір адамдар дірілкек (холодец) көбірек жеу арқылы белқұяңның алдын алуға болады деп жатады, бірақ бұл шындыққа жанаспайды, яғни тамақтану түрі аурудың дамып не еміне ешқандай да әсер етпейді. 

Белқұяңның көлемі 8-9 мм-ден асып, жүйкені қысып қалған кезде ота жасау қажет болады, басқа амал жоқ. Ота арқылы аяқтың жүрмей қалуын, зәр шықпай қалуының алдын алады", - деп қорытындылады Мұратбек Абиев.

Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз көжеге не қосады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз 

Б. Жұмаділлә