Белгісіз жігіт көлік кептелісін реттеді

Алматы қаласында Әуезов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында пайда болған кептелісте белгісіз бір жігіт жол полицияларына көмекке келді, - деп хабарлайды massaget.kz.

Бұл видео www.youtube.com әлеуметтік желісіне маусымның он төрті күні жүктелген. Екі көше қиылысында бағдаршам істемей қалғандықтан, істің мән-жайын түсінген азамат барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Ал бірнеше минуттан кейін жол полициялары да келіп жетеді. Жұрттың разылығына ие болған азамат ғаламтор жұлдызына айналып отыр.