Қазнетте тараған ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған кәмпиттер мен тоқаштар тастап кететіні айтылған. Бұл - ойдан шығарылған жағдай, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
Уланған тәттілер туралы хабарлама - 2022 жылғы қазанның басында шыққан ресейлік фейк. Дауыстық хабарламада қауіпті кәмпиттер Новошахтинск мектептерінің маңынан табылғаны айтылған. Бұл - Ресейдегі қала. Хабарлама авторының айтуынша, бір кәмпитті ит жеп, өлгеннен кейін олар уланғаны анықталған.
Шындығында, мұндай жағдай болмаған. Новошахтинск әкімшілігінің мәліметінше, таралған хабарлама - фейк және қалада мұндай оқиғалар болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!