Белгісіз біреулер марғауларды жоғары қабаттан лақтырып өлтірген

Ақтауда белгісіз біреулер жоғары қабаттан марғауларды лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзінше, марғаулар сол жерде өлген. Оқиға 1 шілдеде 11-шағынаудандағы №19 үйде болды.

Жеті қабатты үйдің тұрғындарының айтуынша, бір марғау үйдің төбесінде, ал екіншісі бетонда жатқан. Тұрғындардың ойынша, жануарларды жоғарғы қабаттардан лақтырған болуы мүмкін. Алайда кім екені белгісіз.

"Ешқандай адамгершілік жоқ. Қалайша осыншалық аяусыздық танытуға болады?" - дейді тұрғындардың бірі. 

Өңірлік Полиция департаменті өкілдері әзірге пікір білдірмеді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында белгісіз біреу мысықты қапқа салып, қатты ыстық күні далаға тастап кеткені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!