Белгісіз біреулер Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Белгісіз тұлғалар ҚР Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзды. Осыған байланысты, бұзылған нөмір аккаунттары арқылы әртүрлі зиянды сілтемелер, дұрыс емес ақпараттар мен өтініштер және т.б. келуі мүмкін.
Мұндай хабарламаларға сенбеулеріңіз және оларды ескермеулеріңіз сұралады. Мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады энергетика министрлігінің өкілі Шыңғыс Ильясов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!