Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы мектептерде белгісіз біреулер қылмыс жасамақ ниетте дайындалып жатыр деген ақпарат таралуда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде қаладағы бірқатар мектептерге шабуыл жасаймыз деп қорқытқан жалған жазбалар тарап жатыр. Бұл ақпарат Атырау облыстық полиция департаментіне жолданды.
Баспасөз қызметі фейк хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
"Қазір құзырлы органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті бейнебақылау арқылы қамтамасыз етуге және полицейлер қатарын арттыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына кіргізуді бақылау да назарға алынады. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабырлық сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!