“Белгісіз біреуден 1001 гүл алған“ Төреғали Төреәлінің қарындасы не бүлдіріп жүр?

Дина Төреәліге белгісіз адамнан 1001 гүл келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 шілдеде Дина Төреәлі желідегі парақшасында өзі танымайтын біреуден гүл келгенін, күйеуінің алдында ыңғайсыз жағдайға қалғанын жазды. 

1 тамыз күні гүл жіберіп, тосынсый жасаған адамның кім екені белгілі болды. Ол Ая Әжіғали деген блогер болып шықты. 

Кейін Дина мен Ая "1001 гүл солып қалғанша, басқа адамдарға эмоция сыйлайық" деп алматылық қыз-келіншектерге таратып берді. 

Көшеде кезігіп, гүл алған қыздар қатты қуанып, алғысын жаудырып, бата-тілегін арнады. Кейбірі таңданысын жасыра алмады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!